Мәскеуде сайлау қорытындысына наразы тұрғындар шеруге шықты

Мәскеуде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекеттік дума сайлауының нәтижесін жариялай салысымен коммунистер шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

500-дей адам Пушкин алаңына жиналып, өз наразылығын білдірді. Олар жаңа электронды дауыс беру жүйесі коммунистік партия атынан сайлауға түскен үмітерлердің жеңісін ұрлады деп ашуға мінді.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты бұл шеруге Мәскеу билігі рұқсат бермеген.

Еске салайық, Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында Парламент сайлауы өтті. 7 аймақтың сайлаушылары қашықтан дауыс берді. Сайлау нәтижесі бойынша Думаға 5 партия өтті. «Единая Россия» партиясы ең көп дауыс жинап, 324 мандатқа ие болды. Ал коммунистерге 57 орын тиді.

Сондай-ақ...