Британияда жүк көлік жүргізушілері жетіспей жатыр

Ұлыбританияның жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған жүк көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігі себеп.

Өйткені үкімет бірнеше ай бойы Еуроодақ жұмысшыларына уақытша виза беруден бас тартып, мәселені ушықтырып жіберген. Салдарынан бензин тасымалдайтын жүргізушілер жетіспей, жанармай бекеттері жабылып қалған. Жүргізушілер тапшылығынан азық-түлік жеткізу де қиындап, дүкендерде тауар қоры азайған. Билік дағдарыстан  шұғыл түрде  шығу үшін Одақ елдерінен келетін жүргізушілерге уақытша виза беруді қолға алды. Ал сарапшылардың айтуынша, қазір Корольдікте 100 мыңдай жүргізуші жетіспейді екен. 

Жүргізуші:

- Жағдай нашар. Мен кеше бензин алу үшін кезекте бір жарым сағат тұрдым. Өйткені Лондоннан қайтар жолда бір де бір жанармай бекетінде бензин болған жоқ.