Испаниядағы жанартаудан лаваның атқылауы күшейді

Испанияның Пальма аралындағы жанартаудың атқылауы жалғасып, апат аймағынан адамдар кетіп жатыр.

Соңғы күндері күл мен шоқтан төнген қауіпке байланысты тағы 3 ауыл халқы қауіпсіз жерге көшірілді. Себебі жанартауда тағы бір жарықшақ пайда болып, лаваның атқылауы күшейген. Қазірге дейін таудан аққан ыстық шоқ 400-ден астам үйді бүлдіріп, көптеген жүзім мен банан алқабын күлге айналдырған.

Жергілікті биліктің айтуынша, дереу қимылдаудың арқасында ешкім жапа шекпеген.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Пальма аралында Кумбре-Вьеха жанартауы атқылап, апат аймағынан 7 мыңдай адам эвакуацияланған еді. Әуежай жабылып, адамдар теңіз арқылы кетуге мәжбүр.

Жергілікті тұрғын:

- Біз мұнда демалуға келген едік, бірақ табиғат апатынан үйге қайтуға мәжбүрміз. Барсонаға дейін ұшуымыз керек еді, бірақ әуежай жабық. Сондықтан Тенерифеге дейін кемемен жетіп, ары қарай ұшаққа отырмақпыз.

- Мен мұнда туғандарыма көмектесу үшін өзге аралдан келіп едім. Бірақ таудан аққан ыстық шоқтан олардың үйі жанып кетіп, барлық мүлкінен айырылып қалды.

Сондай-ақ...