Чили тұрғындары Венесуэладан келген мигранттардың күркелерін өртеді

Чилидің Икике қаласында жергілікті тұрғындар мигранттардың қоныстануына наразылық білдіріп жатыр.

Олар көшеге шығып, Венесуэладан келген босқындардың шатырын талқандап өртеді. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар заңсыз мигранттар қаладағы санитарлық ахуалды нашарлатып, халықтың өміріне қауіп төндіреді дейді. Сондықтан биліктен келімсектердің ағылуын тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдауды талап етті. Соңғы уақытта Чилиге Боливия мен Перу шекарасы арқылы мыңдаған келімсек өтіп, ірі қалаларда бей-берекет қоныстана бастаған.