Екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату мүмкін бе?

БҰҰ Бас Ассамблеясының биылғы сессиясында Джо Байден Израиль мен Палестина мәселесіне тоқталды.

АҚШ Президенті еврей халқына үнемі қолдау көрсетілетінін айта келе, көршілес демократиялық Палестинаның да мүддесін қорғауға дайын екенін жеткізді. Осылайша, Байден қос мемлекет арасында бейбіт қатынас орната алатынына сенім білдірді.

ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ВЕНАДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

БҰҰ Бас Ассамблеясының биылғы сессиясында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен іс-қимыл жоспары талқыға салынбады. Бұрын күн тәртібінен түспейтін. ((ВИДЕО)) Иранның сыртқы министрі бұған дейін 5+1 шеңберіндегі бірлескен іс-қимыл жоспары Венада ғана талданатынын жеткізген. Сөйтіп, Әмір Абдоллахиян  Бас Ассамблея шеңберінде өткен бестіктің кездесуіне қатыспай, тек француз және британдық әріптестерімен жүздесті. Еуропалық дипмиссиясының басшысы Жозеп Боррельмен де кездесті. Десе де, Бас Ассамблеяның ашылуында Иран тарапы жаңадан сайланған президентінің алдын-ала жазған бейнеүндеуін жариялады. Онда Ибраһим Раиси Иранның атомды тек бейбіт мақсатта қолданатынын айтады. Стратегиялық тұрғыдан АҚШ-қа сенім арта алмайтынын, санкциямен тұншықтырғысы келетін Американың уәдесіне иланбайтынын да жеткізген. Бірақ, өзге елдермен қарым-қатынасын, әсіресе көршілес елдермен байланысын нығайтқысы келетінін білдірді. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мен бестіктің елдері ендігі Венада өтетін бас конференцияда бірлескен іс-қимыл жоспары жан-жақты қарастыруы керек деп түйді.  Ақ үй басшысы Джо Байден де Иран мәселесіне қатысты ұстанымын білдірді. 

Джо Байден, АҚШ Президенті:

– Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық қарулануын алдын-алуға бекінген. Біз Иранды бірлескен іс-қимыл жоспарына қайтару үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі және 5+1 одағы елдерімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл шартты орындау мақсатында біз тыңғылықты дайындыққа кірістік, Ираннан да соны күтеміз.