Ресейде ғылым мен технология жетістіктеріне арналған фестиваль өтуде

Мәскеуде ғылым мен заманауи технологияның соңғы жетістіктеріне арналған фестиваль өтіп жатыр.

«Техноорта» деп аталған шараға іргелі ғылыми орталықтармен қатар әуесқой ғалымдар да қатысты. Мәселен, инженерлердің бірі әйгілі «Терминатор» фильміндегі басты кейіпкерге ұқсас роботты өз қолымен жасаған. Енді бір өнертапқыш суда жүзетін, тіпті, ұшатын көлік құрастырған. Ғалымдардан бөлек, ірі ғылыми орталықтар да өз жетістігін паш етті. 

Александр Осипович, инженер:

– Мына терминатор адамдардың сөзін жинақтап, оның жынысы мен жасын анықтай алады. Және алдында қандай заттар тұрғанын біледі. Роботты түгелдей өз қаржыма жасадым.

Көрмеге қойылған жұмыстардың бәрі адам өмірін жақсартуға арналған.

Александр Бегак, авиақұрастырушы:

– Менің электрмобилім бір рет қуатталған соң 100 шақырымға дейін жүре алады. Бұл қалада қозғалуға жеткілікті деп ойлайымн. Шығыны да аз.