Германияда сайлау учаскелері жабылды

Германияда Бундестаг сайлауына дауыс беру аяқталды, сайлау учаскелері 18:00-де жабылды,деп хабарлайды «Хабар 24» RT сайтына сілтеме жасап.

Дауыстарды санау жүргізіліп жатыр, экзитпол нәтижелері жариялана бастады. Сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі 27 Қыркүйек, дүйсенбіге қараған түні жариялануы керек. Деректер дауыстардың санына қарай түзетілетін болады.

Бұған дейін, саяси додаға 47 партия түскенін айтқан болатынбыз. Бундестагқа кімдердің өтетіне байланысты мемлекеттің алдағы 4 жылдағы даму бағыты анықталмақ. Парламентке 5 проценттік межені еңсерген партия ғана өтеді.

Дауыс беру нәтижесіне қарай Германияның жаңа канцлері белгілі болады.