Қытайда лай көшкінінен екі адам мерт болды

Қытайдың Хэнань провинциясында алапат дауыл тұрып, жауын селдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан тасқын жүріп, көп елді мекенді су алды. Табиғат апатынан 2 адам мерт болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалған. Екі адам құтқарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар жауын 4,5 шақырым жолды, 36 негізгі станция мен 25 шақырым электр желісін жарамсыз күйге айналдырғанын айтады. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Қазір апатты аймақтармен байланыс орнату қиынға соғып тұр. Зардап шеккен өңірлерді тазарту жұмыстары басталды. Оған ондаған техника мен құтқарушы жұмылдырылды.