Бразилия соңғы 100 жылда болмаған қуаңшылықты бастан кешіп жатыр

Салдарынан жергілікті гидроэлектростанциялар жеткілікті көлемде электр қуатын өндіре алмай, баға өсіп, халық зардап шеге бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы айда тариф 6%-ке өсті. Бұл, әсіресе, әрең тамақ тауып отырған жандар үшін өте ауыр тиді. Тұтынушылар электр энергиясының төлемі бір айлық жалақыдан асып кеткенін айтады.