Ұлыбританияда жанармай құю бекеттерінде кезек көбейді

Ұлыбританиядағы жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей бекеттер мүлдем жабылып қалған. Бұған автоцистернамен сұйық отын жеткізетін жүргізушілердің тапшылығы себеп. Енді тұрғындар бірнеше күнге қамдануға тырысып, жағдайды одан әрі ушықтырды. Ал, билік халықты сабыр сақтауға шақырады. Көлік министрі жағдайды пандемиямен байланыстырады. Өйткені жүргізушілер уақытылы тексерістен өтпегендіктен, ресми түрде жұмысқа кірісе алмай қалған. Мәселені шешу үшін Үкімет жақын арада шетелден келетін жүргізушілерге 5 мың виза беруге ниетті.

Грант Шэппс, Ұлыбританияның көлік министрі:

- 6 мұнай өңдеу зауыты мен 47 қоймада жанармай жеткілікті. Көліктеріңізге бензинді әдеттегідей құюларыңызды сұраймыз. Сонда тапшылық та, кезек те болмайды.