«Талибан» ауғандарға сақалын кесуге тыйым салды

«Талибан» Ауғанстанның ер адамдарына сақал кесуге тыйым салды, олардың айтуынша, бұл шариғат заңдарына сәйкес келмейді, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Биліктен шаштараз иелеріне кәсіпкерлікпен айналысуды тоқтату туралы қоқан-лоққылар жиілеген.

Бастапқыда тиісті тыйым тек Гильменд провинциясында ғана қолданылған, алайда көп ұзамай ірі қалаларға, соның ішінде Кабулға таралды.

Ауған халқының айтуы бойынша, ер адамдар тәліптерден ерекшеленбеу үшін және содырлардың назарын аудармау үшін күтім жасау мен сәнді шаш қиюды тоқтатқан. 

– Мен шаштараз кәсібімен 15 жыл айналыстым, енді жалғастырудың қажеті жоқ екенін түсініп тұрмын. Мен қызметтердің барлық дерлік тізіміне бағаны төмендеттім, бірақ клиенттер әлі де жоқ, - деп хабарлайды Кабулдағы салон қызметкері.

Сондай-ақ...