Германияда бундестаг сайлауының экзит-пол нәтижесі жарияланды

Германиядағы Бундестаг сайлауының экзит-пол нәтижесі бойынша Социал-демократиялық партия 25,8% дауыс жинап, көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Консерваторлар үшін бұл альянс тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Ал Христиан-демократиялық одағы мен Ангела Меркельдің Христиан-социал одағы бірлестігі 24,1% дауыспен екінші орында тұр. Блок басшысы Армин Лашет осы үш партиядан коалиция құрылуы мүмкін екенін мәлімдеді. 15% дауысқа ие болған «Жасылдар» партиясы да үштікке ілікті. Сайлаушылардың рекордты көлемі пошта арқылы дауыс берген. Олардың үлесі 40%-ке жуықтайды. Германия бундестагы енді бірнеше аптадан кейін жаңа канцлерді сайлауға тиіс. Сосын үкімет құрамы жасақталады.