Францияда белгісіз біреулер 20-дан астам көлікті өртеп жіберді

Францияның оңтүстігіндегі Арль қаласында автотұрақтағы тілсіз жаудан 24 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Полиция анықтағандай, көліктерді қасақана өртеген.

Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны полицияның есірткі саудасының алдын алу үшін рейд жүргізгенімен, оның барысында бір адамның ұсталғанымен байланыстырып отыр.