Сан-Маринода жасанды түсік жасату заңдастырылмақ

Елде өткен референдумда құжатты дауыс берушілердің 77%-і қолдаса, 22%-і қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға шамамен 35 мың тұрғынның 15 мың ғана қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін елде жасанды түсік жасату 1865 жылдан бері заң жүзінде тыйым салынатын. Талапқа бағынбаған дәрігерлер мен жүкті әйелдер қылмысы үшін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін еді. Жүктілік әйел адамның денсаулығына қауіп төндірсе де, түсік жасатуға рұқсат берілмейтін. Көбі шараны шет елде жасатуға мәжбүр болды. Енді жақын арада референдумның қорытындысына сәйкес жаңа заң жобасы жарияланбақ.