426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанда әйелдерге көлік жүргізуді үйрететін жалғыз мектеп жабылды

  • 108
  • UPD: 15:20, 27.09.2021
Ауғанстанда әйелдерге көлік жүргізуді үйрететін жалғыз мектеп жабылды

Ауғанстанда әйелдерді көлік айдауға үйрететін жалғыз мектеп жабылуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компания басшының айтуынша билік ауысқалы орталыққа бірде-бір адам хабарласпаған. «Халық өмірінің қауіпсіздігіне алаңдаулы», - дейді орталық басшысы. Айтуынша, мектептің жабылуын тәліптер талап еткен. Бұған дейін онда тек нәзік жандылар ғана жұмыс істейтін. Сондықтан көлік жүргізуге ниет білдіргендердің қатары да қалың болатын.

Нилаб Дуррани, Көлік жүргізу мектебінің нұсқаушысы:

- Билік басына тәліптер келгелі мүмкіндігіміз шектелді. Жұмысқа шыға алмай отырмыз. Мұздай қаруланған тәліптер бізді көрсе, сұрақтың астына алады. Әлі күнге дейін бірде-бір студент тіркелген жоқ. Бәрі қауіпсіздігі үшін қорқады. Бұрынғы оқушыларымыз да оқуын жалғастырғысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы