Эльбруске саяхат ұйымдастырған адам ұсталды

ЭльбрУс тауына шығу кезінде бес адамның өлімімен аяқталған оқиғаға байланысты Кабардин-Балкарияда шара ұйымдастырушысы ұсталды.

Енді Тергеу органдары соттан аталған азаматтың қамауға алынуын сұрамақ. Естеріңізге сала кетейін, өткен аптада 19 альпинистен құралған топ ауа райының күрт бұзылуынан 5400 метр биіктікте қалып қойған еді. Сөйтіп құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде олардың 14-і ғана тірі табылды. Қалған бес азамат қайтыс болды. Кейін осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.