425,71 496.50 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбек-ауған шекарасында қарулы қақтығыстан адам қаза тапты

  • 168
  • UPD: 23:47, 27.09.2021

Өзбекстанның әскери қызметкері Ауғанстан шекарасында қаза тапты. Бұл жөнінде көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев сайлаушылармен кездесу барысында айтты.

Қарулы қақтығыс қыркүйектің 26-сы күні болған. Ауғанстаннан есірткі тасымалдамақ болғандарды Өзбекстан шекарашылары тоқтатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атыс болып, салдарынан бір жауынгер қаза тапты. Оқиға қалай өрбігені жайлы Өзбекстанның бір де бір ресми органы мәлімдеме жасамады. Ал көрші ел президенті мемлекеттік шекараны бұзғандарға қатысты ұстанымы қатал, қажет болған жағдайда қару қолдануға дайын екендерін айтты.

Хабар 24 телеарнасы