426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркияда коронавирус қайтадан өршіді

  • 108
  • UPD: 23:39, 27.09.2021
Түркияда коронавирус қайтадан өршіді

Індетке шалдыққандар саны 30 мыңға жақындады. Бұған күн сууы мен оқу орындарының дәстүрлі білім беруге көшуі себеп.

6 қыркүйектен бастап елде 1630 класс карантинге кетті. 40 мың оқушы оқшауланды. Қосымша сақтық шаралары болу-болмауы белгісіз. Дегенмен, жергілікті басылымдар, алдағы министрлер кабинеті отырысында карантин ережелері енуі мүмкін деп отыр. Түркияда қазірге дейін вакцинаның екі дозасын 70%-тен астам тұрғын қабылдады.

Соңғы тәулікте ковид-19 шалдыққандар саны 25 мыңнан асты. Қауіпті індеттен 228 науқас көз жұмды. Түркияда мектеп, университет, кинотеатр, концерт пен бірқатар мекемелерде екпе куәлігі мен ПТР тестін көрсету міндетті.

Хабар 24 телеарнасы