Түрік лирасы құнсызданудың рекордтық мөлшерін жаңартты

Түрік лирасы тағы құнсызданып барады.

Жыл басынан бері АҚШ долларына шаққанда 16% құнын жоғалтқан. Жергілікті басылымдардың жазуынша, бұған ресми Анкара мен Вашингтон арасындағы шиеленіс себеп. Біраз күн бұрын Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың қар-сылығына қарамастан Ресейден екінші рет С-400 зымыран кешенін сатып алатынын мәлімдеген еді. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай Вашингтонның Анкараға санкция жариялауына алып келуі мүмкін. Түркия жұмысшылар кәсіп-одақтары, конфеде-рациясының есебіне сәйкес, Анкарада азық-түлік те қымбаттап, инфляция деңгейі 24,6 процентке жеткен.

Сондай-ақ...