Ресейдің Пермь аймағында көпір көліктердің үстіне құлады

Пермь аймағындағы Пермь-Екатеринбург тас жолында жаяу жүргіншілер өткелі құлады, деп хабарлайды «Хабар 24» life.ru сілтеме жасап.

Қаза тапқандар бар, алайда нақты саны белгісіз.

Оқиға Мәскеу уақытымен түнгі екі жарым шамасында болған. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін өрт сөндіру бөлімшелері тартылған. Айналма жол Платошино ауылы мен Кукуштан ауылы арқылы ұйымдастырылған.