АҚШ президенті Джо Байден ковид екпесінің 3-дозасын қабылдады

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Файзер-Биотек екпесінің үшінші дозасын қабылдады.

Осылайша Ақ үй басшысы ковид індетіне қарсы бустердің қауіпсіз екендігін көрсетуді ұйғардым дейді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары екпенің үшінші компоненті 65 жастан асқандар мен арнайы күтімді қажет ететін адамдарға арналғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, үшінші доза қатерлі вирусты жұқтыру қаупі жоғары орындарда жұмыс істейтін 18 бен 64 аралығындағы тұрғындарға алуға кеңес берілген. Бустерді алу үшін екінші қос қомпонентті алғаннан кейін 6 ай күту қажет дейді мамандар. 

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Менің жасым 65-тен асқан. Демек бустердің маңыздылығын түсіну керек. Ең бастысы, екпенің толық компонентін алған адамның ағзасы ковидке де, басқа қатерлі ауруларға да қарсы тұра алады. Демек америкалықтар үшінші компонентті салдырудың қажеттігін ұғынуы тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда халқымыздың 23 проценті вакцинаның әл бірде бір дозасын алмаған. Бұл эпиджағдайды ушықтыра түсетіні анық.

Айта кетейік, осы күнге дейін амеркиалықтардың 189 миллионы немесе АҚШ халқының 55 проценті ғана толықтай вакциналанған.

Рошель Валенский, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының директоры:

– Ковид екпесінің үшінші дозасын ауруханаларда және індет қатты өршіп тұрған өзге де жұмыс орындарында еңбек ететін америкалықтарға салу керек. Бустердің тиімділігін Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мен АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы дәлелдеген. Демек оны қолдануға болады деген сөз.

Сондай-ақ...