Йеменде ереуілге шыққандарды тарату үшін қару қолданылды

Йеменнің Таиз қаласында наразы халықтың ереуілі басылмай тұр. Жиналғандардыы тарату үшін тәртіп сақшылары қару қолданған.

Наразылық акциясы күн өткен сайын ушығып барады. Осы жолы да шеру соңы бүлікке ұласты. Ашуға бой алдырғандар негізгі көшені жауып, әскерилермен қақтығысқа түскен. Жиналғандар елдегі жұмыссыздық пен жоқ-шылыққа қарсы. Халық ұлттық валютаның құнсыздануы жағдайды ушықтырып жібергенін айтады. Ал жуырда Аден қаласында өткен дәл осындай ереуілде бірнеше адам опат болған еді.

Жалпы БҰҰ-ның мәліметі бойынша бүгінде Йеменде 20 млн-нан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Аймақта аш құрсақ жүргендердің қатары күн өткен сайын артып барады.