NASA жаңа Landsat спутнигін ұшырды

NASA Калифорниядағы Вандерберг базасынан жер орбитасына ең қуатты Landsat 9 спутнигін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Landsat 9 спутнигі ULA Atlas V зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды. Спутник Жерді бақылайтын Landsat сериясының жалғасы болып табылады.

Алдағы апталарда спутник 2013 жылы ұшырылған Landsat 8 суреттерімен салыстыруға болатын суреттерді жібере бастайды. Landsat 9 1999 жылы іске қосылған Landsat 7 қондырғысының орнын алмастырады және Landsat 8-мен жұптастырылады. Жер серіктері әр сегіз күн сайын Жерді зерттейді.