Ауғанстанда газеттер жабылып жатыр

Тәліптер билік басына келгелі Ауғанстанда 150-ге жуық ақпарат құралы газет-журнал шығаруды қойған.

Бұл туралы Ұлттық журналистер одағы хабарлады. Оның мәліметіне сәйкес, елдегі қаржылық қиындықтарға байланысты басылымдардың көбі газет басып шығаруды мүлдем тоқтатқан. Ал қалғандарына интернет беттеріне көшуге тура келген.

Айта кетейік, Ауғанстандағы саяси билік ауыспай тұрып жергілікті БАҚ өкілдері сырттан қаржыландырылып келген болатын.

Исмаил, газет сатушы:

- Бұрын 15 түрлі газет сататынмын. Қазір олардың бәрі жұмысын тоқтатқан. Бұған экономикалық ахуал себеп болып тұр. Қаржы жетіспеушілігінен көбі газет-журнал басып шығаруды доғарған.

Сондай-ақ...