Швецияда жарылыс болып, 20 адам зардап шекті

Швецияның Гётеборг қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 адам зардап шекті. Үшеуінің жағдайы өте ауыр. Апатқа байланысты оқиға орнынан жүздеген адам шұғыл эвакуацияланған. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.