loader

АҚШ «Спутник V» қабылдағандарға визалық шектеуге қатысты түсініктеме бермеуді ұсынды

АҚШ «Спутник V» қабылдағандарға визалық шектеуге қатысты түсініктеме бермеуді ұсынды

Вашингтон «Спутник V» вакцинасын қабылдағандарға визалық шектеу қоюға қатысты түсініктеме бермеуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты өткізген баспасөз мәслихатында осылай деді. Дипломаттың айтуынша, Американың Мемлекеттік департаменті оған осы мәселеге қатысты арнайы нұсқаулық жолдаған. Уильям Мозер Қазақстан – Америка қарым-қатынасына да тоқталып, негізгі бес жетістікті атады. Дипломатиялық миссия басшысының пікірінше, екі ел ядролық қарусыздану, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, демократиялық құндылықтарды насихаттау мен екіжақты алмасу бағдарламалары аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- 30 жылда екіжақты алмасу бағдарламаларына мыңдаған адам қатысты. Соның арқасында екі ел азаматтары бір-бірін жақсырақ танып білді. Бұрын Америка азаматтары Қазақстанның қайда орналасқанын біле бермейтін. Қазір жағдай мүлдем басқа.

АҚШ елшісі журналистермен кездесу кезінде көкейіндегі өкінішімен де бөлісті. Індет кесірінен Қазақстанның көптеген өңірін аралай алмай қалғанын айтып, бұл елде өзін үйде жүргендей сезінгенін жеткізді.

Сондай-ақ...