Атакама шөлінде гүл өсіп шықты      

Әлемдегі ең құрғақ жер болып саналатын Атакама шөлінде гүл өсіп шықты.

Сирек көрініске, әсіресе, туристер мәз. Дегенмен бұл бірінші жағдай емес, негізі әр 4-7 жыл сайын пайда болады. Чили үкіметі осы аумақты көркейту үшін жасанды суландыру жүйесін құруды жоспарлап отырған. Ауыл шаруашылығы ұсынған жоба бойынша жыл сайын тамыз және қыркүйек айларында шөл далада гүлдер өсірілмек. 

Патрисио Уркуиета, президенттік делегацияның өкілі:

– Біз Атакама шөлінің бірнеше аумағында суландыру жүйесін орнатамыз. Адамдардың аяғы жете алатын аймақтарды таңдап отырмыз.

Бірақ Атакама аймағының губернаторы, экологтар және басқа мамандар биліктің бұл жобасынан пайда болмайды, керісінше зиян келеді деп қарсы шығуда.

Карлос Пицарро, туристік оператор:

– Билік жасанды суландыру ісін қолға алса, бұл табиғи құбылысқа кедергі жасайды, тіпті жойып жібереді деп қауіптенемін.

Сондай-ақ...