Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға вакцина салынады

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берілді.

Жасөпірімдер ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен «Файзер» компаниясының екпесін қабылдай алады.

Көрші елдің Денсаулық сақтау министрлігі шешім шығармас бұрын аталған вакцинаның 12-15 жас аралығындағы балалар арасында сынақтан өткенін хабарлады. Бұл зерттеу препараттың қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсеткен.

Өзбекстанға АҚШ-тан «Файзер» екпесінің 1 миллионнан астам дозасы жеткізілген.