Барак Обама Президент орталығының негізін қалады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама жұбайы Мишельмен бірге Чикагода Президент орталығының негізін қалады.

Саясаткердің айтуынша, бұл кешенде кітапхана, конференц залы және музей болады. Одан бөлек,  көрме алаңдары, қоғамдық талқылау орындары және кеңселер орналасады. Жоба 4 жылдан кейін толық іске қосылады, бірақ білім беру бағдарламалары биылдан басталады. + СНХ 

Барак Обама, АҚШ-тың 44-Президенті:

– Чикаго – өзім жақсы көретін нәрсенің бәрімен байланысты қала. Мына орталық арқылы біз жастарға қолдау көрсетіп, өз әлеуетін толық ашуына септессек дейміз. Сондай-ақ бұл жер тың идеялар айтылатын, іске асырылатын орын болса деймін.