АҚШ-та тұрғын үйдегі жарылыстан жеті адам жарақат алды

АҚШ-тың Даллас қаласында 2 қабатты үйде жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның күштілігі сонша, ғимараттың бір бөлігі түгел қираған. 7 адам жарақат алды. Оның 4-еуі өрт сөндіруші. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Бірақ мамандар 3 науқастың хәлі нашар екенін айтады. Жарылыстан жақын маңдағы ғимараттардың да терезесі сынған. Белгілі болғаны, жарылыс газдың жылыстауынан шыққан.