Швеция коронавирусқа қарсы барлық шектеулерді алып тастады

Бұдан былай мейрамхана, театр, концерт залдары және стадиондарға халық лық толып отыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүріс-тұрыс та еркін. Үйде отырып, қашықтан жұмыс істеу деген тоқтады. Швед үкіметінің мәлімдеуінше, мұндай кеңшілік вакциналаудың қарқынды жүруімен байланысты. Қазір жасы 16-дан асқан тұрғындардың 76%-тен астамы екпенің 2 дозасын да салдырып үлгерген. Ал вакцина алмаған адамдар үшін арақашықтық сақтау, кісі көп жиналған орындарға бармау сияқты талаптар сақталады.

Беа, жергілікті тұрғын:

- Шектеулердің алынғанын толық сезініп жатырмыз. Мысалы, бүгін пойызда адам қарасы өте көп болды. Жолаушының аз болғанына да үйреніп қалыппыз. Бірақ қанша дегенмен шектеусіз өмір жақсы ғой.