Amazon үй шаруасын реттейтін робот жасады

Үй шаруасын робот атқарады. Amazon адамға осындай қолқанат жасап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырт пішіні итке ұқсайтын құрылғы «Астро» деп аталады. Ол бөлме ішін әрлі-берлі аралап, күн тәртібін жасап, жоспарлаған істерді иесінің есіне салып тұрады. Сіз сүйіп тыңдайтын ән-күйді де біліп, қосып қояды. Суретке де түсіреді. Үйдің сыртындағы бейнекамераны бақылап, бөлмелерді тексереді. Тіпті үйге бөтен біреу келсе, тез айта қояды. Гаджеттің бағасы 1500 доллар. Бірақ инженерлер құрылғының тым нәзік екенін, ұзаққа шыдамайтынын, сондықтан бұл баға қымбаттау екенін алға тартады. Алайда өндірушілер робот барлық тестіден сәтті өтті деген уәж айтады.