Бельгияда 65 жастан асқандар қайта екпе салдыра бастады

Бустерлік дозаға Pfizer немесе Moderna препараттары таңдалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін AstraZeneca мен Johnson&Johnson вакцинасының екі компонентін қабылдағандар бустерлік екпені 4 айдан кейін салдырса, Pfizer немесе Moderna-ны еккендер 6 айдан кейін ревакцинацияға келе алады. Ал елдің денсаулық сақтау министрлігі иммунитеті әлсіз кей қарттар вакцина қабылдағаннан кейін де коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін ескертеді.