Үндістанда автобус өзенге құлап, алты адам көз жұмды

Үндістанда жолаушылар автобусы Мегхалая штатының солтүстік-шығысындағы өзенге құлады.

Салдарынан кем дегенде алты адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақат алған. NDTV телеарнасы хабарлағандай, оқиға бейсенбі күні Тура – Шиллонг тас жолында болған.

Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар автобусының жүргізушісі жолдың қиын бөлігінде рөлге ие бола алмай қалып, көлік жартастан Рингди өзеніне құлаған. Құтқару бригадасы мен шұғыл қызметтер апат орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуде.

Сондай-ақ...