Эквадорда түрмедегі бүлік кезінде 100-ден аса адам мерт болды

Эквадордың Гуаякиль қаласындағы түрмедегі бүлік кезінде 116 адам болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 80-і жарақт алды. Қатаң режимдегі колонияда өткен сейсенбі күні бүлік шыққан еді. Оған абақтыдағы қылмыстық топтардың бір-бірімен текетіресі себеп болған. Ал арнайы жасақ келгенде сотталғандар қарсылық білдірген. Кей ақпарға қарағанда, бүлік әлі басылмаған. Қазір түрме маңында сотталғандардың туған-туыстары биліктен колониядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талап етіп, наразылық танытып жатыр.

Айта кетейік, бұл биыл Эквадор түрмелеріндегі үшінші оқиға. Алдыңғы екі бүлік кезінде де 100-ден аса адам мерт болған еді.

Блиц:

- Түрмеде нағыз баскесерлер мен жеңіл қылмыс жасағандар бірге отыр. Салдарынан осындай қырғын туындады. Билік ең әлдымен осы мәселені шешу керек.