Парагвай халқы жерге қатысты заңға наразылық білдіріп, шеруге шықты

Парагвай астанасында жүздеген адам билікке қарсы шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент ғимаратының алдына жиналған халық тәртіп сақшыларына тас лақтырып, көліктерге от қойды.

Шеруге конгресстің жер туралы жаңа заң жобасын қарастыруы түрткі болған. Бұл құжатта жекеменшік жерге қол сұғуға қарсы қылмыстық жаза қатаңдатылған. Яғни, жерді заңсыз басып алғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл осы елдің байырғы халқы – үндістердің наразылығын тудырды. Себебі Парагвайда ауыл шаруашылығына жарамды жердің 80%-і байлардың қолында. Сол себепті жер мәселесі мұнда шетінді жағдай.

Сондай-ақ...