Калифорния штатында орман өртінен 185 баспана күлге айналды

Калифорнияның солтүстігі өткен аптадан бері жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір орманды алқаптың тек 75%-і сөндірілген. Тергеушілер 30 жастағы әйел қасақана от қойған деп отыр. Күдікті Шаста округіндегі абақтыға қамалды. Қылмыстық іс қозғалған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тілсіз жау осы уақытқа дейін 34 шаршы шақырым орманды тып типыл еткен. Мұның сыртында 185 үй жанып кетті. Қазір аймақтағы эвакуциялау жұмыстары тоқтап, тазарту жұмыстары жүргізіле бастаған.

Сондай-ақ...