426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кумбре-Вьеха жанартауынан атқылаған лава Атлант мұхитына ағып жатыр

  • 72
  • UPD: 12:25, 30.09.2021
Кумбре-Вьеха жанартауынан атқылаған лава Атлант мұхитына ағып жатыр

Сумен араласқан лавадан улы газ шығып, айналаға жайыла бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бөлінген газ көз бен теріні тітіркендіріп, адамның тыныс алуын қиындатады дейді. Жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырады.

Естеріңізге салайық, Испанияның Пальма аралындағы бұл жанартау бұдан он шақты күн бұрын, яғни, 50 жылдан кейін қайта оянды. Одан аққан лава 270 гектар жерге жайылған. 650 ғимарат пен жолдарды бұзды.

Хабар 24 телеарнасы