Швецияда адамды жалғыздықтан құтқаратын орындықтар пайда болды

Швецияның Гётеборг қаласында кездейсоқ жолаушылармен сөйлесетін және адамды қиын кезде қолдай алатын орындықтар пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Олардың басты ерекшелігі – артқы жағындағы жазу тақтайшасында: онда әңгімелесушіге қоюға болатын сұрақтар және ұялшақ азаматтарға өздері туралы айтуға көмектесетін кеңестер жазылған.

Жоба зерттеу нәтижелеріне сәйкес ісқе қосылған, яғни пандемия кезінде еуропалықтардың 22-26 пайызы өздерін жалғыз сезінген.

Ашық сары қоршаулармен айқындалатын орындықтар жалғыздықты бастан кешкен, сондай-ақ қарым-қатынаста қиындықтары бар адамдардың әлеуметтік өмірін жақсартуға көмектеседі деп күтілуде.