Бразилияда беймәлім динозаврдың сүйегі табылды

Бразилияда ғалымдар беймәлім динозаврдың сүйегін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі аяқты жыртқыштың қалдықтары Сан-Паулу штатының Монте-Альто қаласының маңынан анықталған. Палеонтологтар ол шамамен 70 миллион жыл бұрын өмір сүрген деп отыр. Ұзындығы 5 метрге жететін жыртқыштың ұзын құйрығы болған. Және екі аяғының күштілігінен жылдам жүгірген деп болжайды. Оның сүйектері құрастырылған соң осы қаладағы мұражайға қою жоспарланып отыр.