Үндістанның ең ірі үш штатында медиктер ереуілге шықты

Үндістанның ең ірі үш штатында медиктер мерзімсіз ереуілге шығатынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерулер негізінен Мумбаи қаласында өтіп жатыр. Мұнда дәрігерлермен қатар медициналық оқу орындарының студенттері де көшеге шықты. Олар жатақханаларында тұрмыстық жағдайды жақсартуды және аспирантурада оқуды тегін етуде талап етуде. Ал дәрігерлер ковид науқастарымен жұмысы үшін жеңілдіктерді сұрап отыр.

Таң ата Мумбаи медициналық институтының студенттері мерзімсіз ереуіл бастағанын жариялады. Жүздеген адам жатақханаларының алдына шықты. Билікке қойған талаптарының бастысы – аспирантурада ақылу оқуды алып тастау. Құны тым қымбат, жылына шамамен 15 мың доллар төлеу қажет. Сондай-ақ жатақханаларының тұрмыстық жағдайына наразы. Пандемия кезінде оларды бірнеше рет ковид науқастарына арналған уақытша бокстар ретінде қолданған болатын.

Александр Четри, Мумбаи медициналық институтының студенті:

- Жатақхана ұнамаса, пәтер жалдап тұрыңдар, бағасы төмен деп айтты. Бізді маңына жуытпайды.

Ереуілдің басталуына 7 күн қалғанда, белсенділер Үндістан денсаулық сақтау министрлігі мен штаттардың билік органдарына жоспарлаған шарасы туралы хабарлады. Үкімет өкілдері дәрігерлердің талаптарын екі мерзімде қарастыруға уәде берді. Алайда бұл болашақ дәрігерлер одан әрі ызаландырып жіберді. Наразылық ошағы Махараштраға Үндістанның тағы да ең ірі екі штаты Уттар Прадеш пен Раджастан қосылды. Бүгінде ереуілшілердің жалпы саны 18 мың. Оның он бір мыңы аурухана қызметкерлері.

Гурприд Тала, Мумбаидегі ереуіл қозғалысының басшысы:

- Пандемия басталғалы медицина мамандарының ашуы басылмай отыр. Бізге берген уәделерінің барлығын толық орындаған жоқ, тек жаңа уәде етеді. Науқастарға әсері тимесін деп шарттарымыздың санын қысқарттық. Енді тек жеңілдіктер немесе қосымша төлем беруді сұрап отырмыз. Бірақ бізге қайта құлақ аспай отыр, сондықтан дәрігерлік сертті бұзып, ереуілге шығуға мәжбүр болдық.

Глан Котал, Махараштра штаты медициналық білім вице-министрі:

- Дәрігерлердің талаптарын штат министріне жеткіздік. Індетпен күресте алғы шепте тұрған дәрігерлердің жағдайы қиын және өзгерістер ендіру қажет екеніне келісеміз. Бірақ бұл бірнеше күнде істелмейді. Штат парламентінде жақын арада медицина қызметкерлері шарттарын қарастыратын күн белгіленіп, осыдан кейін шешім қабылданады. Бұған екі айдан 4 айға дейін уақыт кетеді, бірақ дәрігерлердің талаптарының көбісін орындауға тырысамыз.

Махараштра штатының ереуіл штабын бұл жауабы қанағаттандырған жоқ. Осы өңір аумағында ауруханалар тек 40%-ке, ал Уттар-Прадеш пен Раджастанда 60%-ке жұмыс істеп жатыр. Бой көтеруге аймақта індеттің таралуына әсер етті ме, бұл туралы ресми мәлімет жоқ. Ал қозғалыс белсенділері келесі дүйсенбіге дейін талаптары орындалмаса, ереуілге өзге штаттар қосылатынын мәлімдеді.

Авторлары: Михаил Зейфман, Устад Рахман

Сондай-ақ...