Николя Саркози электронды білезікпен үйде отыруы мүмкін

Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты үкімін жариялады.

Сот Саркозиді 2012 жылғы президенттік сайлау науқанына заңсыз қаржы тарту ісі бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша 66 жастағы саясаткер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бір жылын Саркози түрмеде өткізуі тиіс. Бұған дейін Ұлттық қаржы прокуратурасы экс-президентті төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен еді. Олардың екеуі шартты түрде. Десе де, Саркози жазасын түрмеде емес, үйқамақта өткізу мүмкін.

Франция заңына сәйкес, сот айыпталушыны екі жылға дейін түрмеге қамау туралы шешім шығарса, онда сотталушы өз жазасын үйқамақта өтеуіне мүмкіндігі бар. Бірақ жазасын өтеуші электронды білезік тағуға міндеттеледі.