Сербия мен Косово шекарадағы жағдай бойынша келісімге келді

Сербия мен Косово Брюссельде өткен 2 күндік келіссөздерден кейін шекарадағы ушыққан жағдайды реттеу бойынша ортақ келісімге келді.

Мәселені түбегейлі шешу үшін екі елдің қатысуымен жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Мирослав Лайчак мәлімдеді. Жаңалықты Еуроодақтың Дипломатия қызметінің басшысы Жозеп Боррель қуана қарсы алды. Шекарадағы жанжал Косовоның ел аумағына сербиялық номері бар көліктерді кіргізбеуінен басталған. Шекарашылар номерлерді жергілікті уақытша номерлерге мәжбүрлі түрде ауыстыртқан. Бұған қарымта ретінде Косовоның солтүстігінде тұратын сербтер өткізу бекеттерін жауып, Косово билігі әскер жіберген. Сербия да шекараға әскери техника тартты.