Таиландта су тасқынынан жеті адам қаза тапты

Таиландта тропикалық жауын-шашын мен қатты дауыл соғып тұр.

Рейтер ақпарат агенттігі 7 адам қаза тапқанын хабарлады. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалған. Кей өңірлерде өзендер арнасынан тасып жатыр. Су тасқынынан 60 мыңға жуық отбасы мен 197 мың үй жануары зардап шекті. Апатты деп танылған елді мекендерден халық эвакуацияланып жатыр.

Мамандар тасқын 6 провинция мен ел астанасы Бангкокта да басталу қаупі бар екенін айтады. Қазір шаһарда жауын-шашын төпелеп тұр. Құтқарушылар апаттың алдын алу шарасын қолға алды.