425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабулда тәліптер әйелдер шыққан ереуілді таратып жіберді

  • 107
  • UPD: 23:49, 30.09.2021
Кабулда тәліптер әйелдер шыққан ереуілді таратып жіберді

Кабулда «Талибан» билігі білім алу құқығын талап етіп, шеруге шыққан әйелдерді тез арада таратып жіберді.

Наразылық шарасына 6  келіншек қатысқан. Олар мемлекеттік мектеп жанына жиналып, білім адам үшін ең басты құндылық, оны саясаттың құралына айналдырудың еш қажеті жоқ екенін айтқан. Қолына автомат ұстаған тәліптер белсенділердің акциясын «заңсыз» деп танып, аяғына жеткізбеді. 

Насратулла, «Талибан» барлау қызметінің офицері:

- Адамдар наразылығын білдіре алады. Біздің елде де шеруге шығуға еш қарсылық жоқ. Тек алдын ала полиция бөліміне ескерту керек.

Хабар 24 телеарнасы