425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресей Sputnik V вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін аяқтады

  • 80
  • UPD: 23:55, 30.09.2021
Ресей Sputnik V вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін аяқтады

Ресейде «Спутник Ви» вакцинасын жасы 60-тан асқан науқастар үшін сынаудың үшінші кезеңі аяқталды.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурошконың мәлімдеуінше, препарат тиімділік пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсеткен. Гамалея институтының мәліметтері негізінде вакциналау үшін жаңа нұсқаулар дайындалып, қазір зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды есеп әзірленіп жатыр. Ресейде 49 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын салдырған. Ал қос дозаны 40 миллион адам алған.

Хабар 24 телеарнасы