Австралияда қатты құйыннан бірнеше адам зардап шекті

Австралияның оңтүстік-шығысындағы елді мекенде қатты құйын жүрді.

Ұйытқыған жел үйлердің шатырын, қоршаулар мен тоқ бағандарын қиратып кеткен. Ауыл ішіндегі ағаштар тамырымен жұлынған. Жұлқына соққан құйыннан өңірде электр сымдары үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.

Бұдан бөлек, табиғат апатынан бірнеше адамның зардап шеккені белгілі. Опат болғандар жайлы ақпар жоқ.