Навальный Нобель сыйлығына ұсынылды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 2021 жылы Нобель сыйлығын алуы мүмкін.

Түрмеде отырған саясаткер бейбітшілік саласындағы сыйлыққа үміткерлер тізіміне енгізілді.

Бұл номинацияға Светлана Тихановская, Мария Колесникова мен Вероника Цепкало есімді беларусь оппозициясының көшбасшылары да ұсынылған. Әлемдік маңызы бар марапатқа үміткерлер қатарында табиғатты қорғауда белсенділік танытып жүрген Грета Тунберг те бар. Сонымен қатар, кедей елдерді ковидке қарсы вакцинамен қамтамасыз ету бағдарламасы үшін биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы беделді сыйлыққа таласады. Бұдан өзге, НАТО мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Агенттік те үміткер.

Биылғы лауреат 8-ші қазан күні жарияланады.