Чилиде орман өрті ушығып барады  

Чилиде орман өрті дес бермей тұр.

Ел астанасы Сантьяго қаласының маңындағы Тильтиль коммуннасында төтенше жағдай жарияланды. Онда қызыл жалын 100 гектар орманды алқапты тып типыл еткен. 12 баспана күлге айналды. Апатты деп танылған аймақтан тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Оларға уақытша баспана құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жүздеген өрт сөндіруші мен ондаған тікұшақ жұмылдырылды. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Луис Валенсуэла, Тильтиль мэрі:

– Қаламыздың жан-жағы ну орман. Сондықтан кез  келген уақытта өрттің басталу қаупі бар екенін жақсы білеміз. Оған қоса 15 жылдан бері аймақта қуаңшылық жайлады. Салдарынан көптеген ағаштар қурап қалған.

Сондай-ақ...