Эквадорлық полиция бүлік шыққан түрмені бақылауына алды

Эквадор полициясы Гуаякильдегі түрмеде болған бүлікті басып, жағдайды толық өз бақылауына алды.

Тәртіпсіздікті басу үшін 400-дей полицей тартылды. Соңғы ақпарат бойынша қазір абақтыда тергеп тексеру өтіп, сотталғандардың қолындағы қарулар тәркіленуде.

Еске сала кетейік, Гуаякиль қаласында орналасқан түрмедегі бүлік сейсенбі күні басталып, полиция тәртіпсіздікті бірден басуға қауқары жеткеген еді. Қақтығыс колониядағы қылмыстық топтардың текетіресінен басталған. Бүлікті басу кезінде 116 адам қаза тауып, 80 кісі жарақат алды.

Таня Варела, полиция басшысы:

– Іштен шыққан жау жаман. Бүлікке қатысқандардың бәрі түрмеде отырғандар. Және олардың қолында қару барын білеміз. Сондықтан әрбір камераны тінтіп жатырмыз. Абақтыдағы тәртіпті қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қолға алынады.